САУРАН АУДАНЫНДА БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМДАРЫНЫҢ БАСШЫЛАРЫНА СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ САЛДАРЛАРЫ ТҮСІНДІРІЛДІ
Бүгін Сауран ауданындағы адами әлеуетті дамыту бөлімінің қызметкерлері мен мектеп диреторлері және бала-бақша меңгерушілерінің қатысуымен сыбайлас жемқорлық деректерінің алдын алу мақсатында кезекті семинар өтті.
Жиын барысында 2022-2026 жылдарға арналған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат тұжырымдамасында айқындалған негізгі аспектілер мен жаңашылдықтар бойынша ақпарат беріліп, өскелең ұрпақтың ертеңін қалыптастыратын білім беру саласындағы жемқорлық әрекеттерінің туындауына жол бермеу маңыздылығы сөз болды.
Жиында Заң ғылымдарының магистрі, қоғам өкілі Н.Абуова сыбайлас жемқорлықтың алдын алуды білім беру ұйымдарынан бастау керектігін айтып, қатысушыларға болашақ ұрпағымыздың тәрбиесімен айналысатын, қоғамның діңгегін қалыптастыратын, баршаға үлгі боларлық Жарқын тұлға екендерін айтып, елге адал қызмет етуге шақырды.