Премьер-лиганың ІІI турында «Ертіс» топ бастады

Бүгін футболдан ел премьер-лигасының ІІI тур ойындары өтіп, өз алаңында «Атырау» клубын 3-0 есебімен жеңген павлодарлық «Ертіс» 9 ұпаймен көш бастады. Ал оларға дес берген атыраулықтар турнирлік кестеде он бірінші орынға сырғыды, деп жазады massaget.kz.

Үш турдың нәтижесі бойынша елордалық «Астана» клубының да ұпайы түгел. Алайда доп айырмашылықтары павлодарлықтардан кем болуына байланысты олар турнир кестесінің екінші орнына келіп тұрақтады. Айта кетерлігі, «Астана» бүгін өз алаңында «Ақтөбе» клубын 1-0 есебімен жеңген болатын. Бұл тартысты ойындағы жалғыз голды 83 минутта Патрик Твумаси соқты. Жеңіліс тапқан ақтөбеліктер оныншы орынға табан тіреді.

Үштікті қостанайлық «Тобыл» клубы қорытындылап тұр. Бүгін қарағандылық «Шахтерды» қабылдап, 3-0 есебімен жеңіске жеткен бұл ұжымның еншісінде 6 ұпай бар. Дәл осындай ұпаймен төртінші орынға Талдықорғанға қонаққа барып, алаң иелерін 1-2 есебімен жеңген «Ордабасы» жайғасты. Аталмыш ұжымдарға есе жіберген «Шахтер» мен «Жетісу» клубтары турнирлік кестеде он екінші және сегізінші орындарға түсіп кетті.

Бесінші және алтыншы орындарда бүгін өзара бақ сынасқан «Тараз» бен «Оқжетпес» ұжымдары тұр. Олардың қанжығасында 4 ұпайдан бар. Ал Таразда өткен бүгінгі ойында көкшетаулықтар 3-1 есебімен жеңіске жеткен болатын.

Сонымен қатар өз алаңында алматылық «Қайратты» 2-1 есебімен жеңіп, сенсация жасаған «Ақжайық» клубы жетінші орынға көтерілді. Қанжығасында әзірге тек 1 ұпайы бар «Қайрат» тоғызыншы орынды қанағат тұтуда.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


444