Рио-2016. Синхронды жүзуден жолдама алдық

Синхронды жүзуден қазақстандық апалы-сіңілі Александра мен Екатерина Немичтер биыл Риода өтетін олимпиадаға жолдама алды. 

Олар Риода өткен олимпиадалық іріктеу турнирінде олар үздік ондыққа енді. Ал FINA заңы бойынша, олимпиадаға  үздік 13 дуэтке жолдама беріледі.

Синхронды жүзуден Қазақстан дуэт бойынша олимпиадаға 1996 жылдан бері қатысып келеді. Ең үздік көрсеткішті 2012 жылы Анна Кулкина мен Айгерім Жексембинова иеленген — 15-орын

Ал Немичтер олимпиадаға алғаш рет қатыспақ. Олар 2014 жылы Азия ойындарында қола медаль алған.

Осымен Қазақстан 46-жолдаманы иеленді.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


444