Грузия 1-1 Қазақстан. Биылдыққа Қазақстан ұтылған жоқ

Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы сырт алаңда Грузиямен жолдастық кездесу өткізді.

Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы 2018 жылы Ресейде өтетін әлем чемпионатының іріктеу кезеңіне дайындықты бастап кетті. Биылғы жылы Қазақстан ұлттық құрамасы әдеттегідей маусым аралық жаттығу жұмысын Түркия елінде бастады. Біздің жігіттердің бұл жаттығу жиынындағы алғашқы қарсыласы Әзірбайжан құрамасы болған. Бұл матчта Қазақстан 1:0 есебімен басым түскен. Ал екінші жолдастық кездесуді ұлттық құрама жігіттері сырт алаңда Грузияға қарсы өткізіп, тең түсті.

Грузия — Қазақстан 1:1 (1:1)
Гол:
Нұрғалиев 35 (0:1), Окриашвили 38 (1:1)
Грузия: Ревишвили, Лобжанидзе, Кашия, Амисулашвили, Наваловски, Канкава, Абурджания, Казаишвили, Окриашвили, Ананидзу, Чантурия
Қосалқы құрамнан шықты: Квирквелия, Квилитая, Качарава, Кения, Квеквескири, Вацадзе
Қазақстан: Лория, Бейсебеков, Логвиненко, Щеткин, Нұрғалиев, Малый, Шомко, Қуат, Мужиков, Смаков, Суюмбаев
Қосалқы құрамнан шықты: Плотников, Хижниченко, Қонысбаев, Байжанов, Исламхан, Тағыберген
Бас төреші: Клейтон Писани (Мальта)
29 наурыз. Тбилиси. «Динамо-Арена». 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


444