ТҰЖЫРЫМДАМА БАҒЫТТАРЫ ХАЛЫҚҚА ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ ОРТАЛЫҚТАРЫНДА ТАЛҚЫЛАНУДА
Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының 2022 – 2026 жылдарға арналған тұжырымдамасы мен 2021 жылғы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы ұлттық баяндама Мамандандырылған №1 халыққа қызмет көрсету бөлімінің қызметкерлеріне таныстырылды.
Аталған іс-шараға қатысқан Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің өкілі Ж.Әлжанова аталған құжаттарда сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шеңберіндегі маңызды жетістіктер және мемлекеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатын жетілдірудің одан әрі бағдарлары ұсынылғандығынан хабардар етті.
Сонымен қатар, жиын барысында парасатты қоғамды қалыптастыру, сыбайлас жемқорлықтың себептерін барынша азайту, жемқорлық үшін жауапкершіліктің бұлтартпастығын қамтамасыз ету, сыбайлас жемқорлықтың алдын-алуға азаматтық қоғамды тарту мәселелері айтылды.
Кездесу барысында сыбайлас жемқорлық туралы ақпараттарды хабарлаған азаматтарды көтермелеу институты жайында ақпарат беріліп, жемқорлық фактісі туралы хабарлаған адам соттың айыптау үкімінен кейін пара немесе залал сомасының 10 пайызын ала алатындығы, бірақ бұл көрсеткіш төрт мың айлық есеп көрсеткішінен аспайтындығы жеткізілді.