СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ТӘУЕКЕЛДЕРІ ТАЛҚЫЛАНҒАН ЖИЫН ӨТТІ

Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаментімен Асанбай Асқаров атындағы Шымкент мемлекеттік дендрологиялық саябағының қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін талқылау мақсатында жиын өтті.

Кездесуге қатысқан Департамент өкілі аталған мекемеде жүргізілген сыртқы талдау қорытындысы бойынша енгізілген ұсынымдар мен орындалу барысына тоқталып, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша жұмыстарды күшейтуге шақырды.

Сонымен қатар, спикер 2022-2026 жылдарға арналған  сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат тұжырымдамасымен таныстырып,  аталған Тұжырымдама сыбайлас жемқорлықтың алғыша рттарын жүйелі түрде жоюға, жауапкершіліктің бұлтартпастығын  қамтамасыз етуге, қоғамдық сананы түбегейлі өзгертуге бағытталғанын жеткізді.

Шара соңында жиынға қатысушыларға сыбайлас жемқорлық көріністеріне тап болған жағдайда Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің 1424 Call-орталығына хабарласу қажеттігі айтылды.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


444