ТҰЖЫРЫМДАМА БАҒЫТТАРЫ АУЫЛ ТҰРҒЫНДАРЫ МЕН ҮКІМЕТТІК ЕМЕС ҰЙЫМ ӨКІЛДЕРІНЕ ТҮСІНДІРІЛДІ

Бүгін Түркістан облысы Сауран ауданы Жібек жолы ауылдық округінде өткен мәжілісте 2022 — 2026 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат тұжырымдамасы ауыл тұрғындары мен үкіметтік емес ұйым өкілдері арасында таныстырылды.
Жібек жолы ауылдық округінің әкімі М.Әшірбеков, ауылдық округ әкім аппаратының қызметкерлері, үкіметтік емес ұйым өклдері қатысқан шарада Заң ғылымдарының магистрі, қоғам өкілі Н. Абуова сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті арттырудың маңыздылығын баса атап өтті.
Нұржахан Ермағанбетқызы 5 жыл уақыт мерзімін қамтитын Қазақстан Республикасының Сыбайлас жмқорлыққа қарсы саясат Тұжырымдамасын негізгі аспектілеріне тоқталып, парақорлықтан алшақ таза қоғам қалыптастыруға Мемлекет басшысы тарапынан басымдық беріліп келетіндігін түсіндірді.
Кездесу соңында қызметтік міндеттерін орындау кезінде өз қызметін жеке бас пайдасына қолданып пара алып ұсталғандар туралы мәлімет беріліп, пара алу, пара ұсыну, делдалдық ету сынды парақорлық әрекеттерден аулақ болуға шақырды.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


444