Shymkent Park Hotel – қонақжайлық мекені!
«Shymkent Park Hotel» ЖШС – тек қонақ үй ғана емес, бұл идеяның сәтті жүзеге асқан жобасына айналған мекеме. Қонақтарға жайлылық пен комфорт ұсынатын осы қонақ үйдің тарихы қарапайым, бірақ маңызды мақсаттан басталды: демалуға ғана емес, үйдегідей жайлы сезінуге мүмкіндік беретін орын ашу. Бүгінде бұл қонақ үй 36 стильді бөлмеден тұрады, олардың арасында Standard, Standard Twin, Comfort және Deluxe категориялары бар. Мұндай нөмірлер іскер адамдарға да, демалысқа келген қонақтарға да мінсіз келеді.
Қонақ үйдің бөлмелері қазіргі заманғы минималистік стильде жасалған, бұл тыныштық пен жайлылық атмосферасын қалыптастырады. Әр бөлшек қонақтардың ыңғайлы болуын ескере отырып, барынша мұқият ойластырылған: теледидар, шай жинағы, минибар, сейф, фен, кондиционер және жылы едендер. Терезелерден қалаға керемет көрініс ашылып, бұл жерде өткізген әрбір сәтті жайлы әрі есте қаларлық етеді.
Қонақ үй сондай-ақ іс-шаралар үшін арналған конференц-залды ұсынады. Залдың сыйымдылығы 50 адамға дейін, және жеке сұраныстар бойынша ұйымдастырылатын кофе-брейктер әрбір іс-шараны тиімді әрі жайлы өткізуге мүмкіндік береді.
Жобаға «Ұлттық жобасы» мемлекеттік бағдарламасы арқылы жүзеге асты. 2023 жылы «Shymkent Park Hotel» қонақ үйі құрылыс жұмыстарын аяқтау және негізгі жабдықтарды сатып алу үшін «Банк ЦентрКредит» АҚ-нан жылдық 21,75%-бен қаржыландыру алды. «Даму» Қорының 13,75% мөлшеріндегі пайыздық мөлшерлемені субсидиялауы және қарыздың жалпы сомасынан 50%-ын құрайтын кепілдікті ұсынуы жобаның табысты іске асуына және жоғары сапалы қызмет көрсетудің қамтамасыз етілуіне үлкен септігін тигізді.
Бүгінде Shymkent Park Hotel қонақтарына 24/7 ашық есік ұсынады, ыңғайлы автотұрақпен қамтамасыз етіп, жоғары деңгейдегі қызмет көрсетеді. Бұл қонақ үйге әрбір сапар – жай ғана қонып шығу емес, ерекше жайлылық пен жоғары қызмет көрсету арқылы ұмытылмас әсер алу мүмкіндігі.