«Verita»: Жуынатын бөлмеңізді ыңғайлы әрі әдемі етіңіз!
ЖК «Verita» – бұл Қазақстанда жуынатын бөлмесіне арналған сапалы жиһаз бен сантехника шығаратын бәсекеге қабілетті компания. Оны Абдул Кәрім Хамидулла негізін қалап, жуынатын бөлмелер үшін қажетті өнімдерді нарыққа ұсынуды мақсат еткен. Компания алғашқыда қиындықтарға тап болды, бірақ еңбек пен табандылықтың арқасында өндірісті тез іске қосып, өнім түрлерін көбейтті.
Қазір «Verita» Шымкент, Алматы және Тараз қалаларында жұмыс істейді. Компания жуынатын бөлмесіне арналған түрлі жиһаздар, акрил ванналар мен жасанды тастан жасалған қол жуғыштар шығарады. Олардың өнімдері жоғары сапалы және заманауи дизайнмен ерекшеленеді, сондықтан көп адамдар үшін қызықты әрі ыңғайлы.
Сондай-ақ, компания жуынатын бөлмесіне қажетті жиһаздар – тумбалар, шкафтар, сөрелер сияқты өнімдер шығарады. Бұл жиһаздар тек әдемі ғана емес, сонымен қатар өте қолайлы, әрі қазіргі заманғы адамдардың сұранысын қанағаттандырады.
Компанияның дамуына мемлекет тарапынан көрсетілген қолдау да маңызды болды. 2023 жылы «Verita» жаңа өндірістік цех салу үшін «Банк ЦентрКредит» АҚ арқылы 21%-бен несие алынды, оның 14%-ын «Даму» Қоры субсидиялап берді.
2024 жылы компания тағы да мемлекеттік қолдауға ие болды. Бұл жолы айналымдағы қаражатты толықтыруға «Бірыңғай кешенді бағдарлама» аясында несие пайызы 19,75% жылдық мөлшерлемемен беріліп, оның 11,75%-ын «Даму» Қоры субсидиялады. Бұл шаралар компанияға өндіріс көлемін ұлғайтуға көмектесті.
«Verita» өзінің өнімдерін әрі қарай дамытып, сапасын жақсартып келеді. Компания әр клиенттің қажеттіліктеріне қарай жеке шешімдер ұсынып, жоғары сапа стандарттарын сақтауда.