Біз бір халықпыз

ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫНА – 25 ЖЫЛ!

Қазақстан халқы Ассамблеясының 25 жылдығы аясында бұл мақалада Шымкент қаласындағы өзбек театрының шығармашылық жолы мен осы ұжымда еңбек еткен талантты тұлғалар есімі аталған. 

Бүгінгі таңда екі өзбек театры жұмыс істеуде: бірі – 2003 жылы дүниеге келген өзбек драма театры, екіншісі – 1972 жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан Түркістандағы Қарашық өзбек халық театры. Қарашық өзбек халық театры, негізінен, қала көлемінде көрсетілімдер қоюда. Кеңес Одағы кезінде бірнеше рет гастрольдік сапары ұйымдастырылған. Өзбек мәдени орталығының мұрындық болуымен 2003 жылы дүние жүзін көрген облыстық өзбек драма театрының ашылу салтанатында Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев қатысып, жылы лебіздерін білдірді, театр ұжымына табыс тіледі. Театр ұжымына 2003 жылдан театртанушы Закиржан Момынжанов басшылық жасап, тек қана облысымыз көлемінде ғана емес, Жамбыл мен Алматы облыстарына, Алматы қаласы мен көрші Жиззах облысының Гагарин қаласына гастрольдік сапарларды ұйымдастырды. 2013 жылы өзбек драма театрының өмірінде жаңа кезең басталды, деуге әбден болады. Театр ұжымына жаңа басшы етіп тағайындалған Икрам Хашимжанов бірінші күннен театрдың беделін халықаралық деңгейге көтеруді өз алдына мақсат етіп қойды. Театрдың 10 жылдық тойы кеңінен тойланды, Ташкент, Қызылорда, Тараз мен Алматы қалаларына гастрольдік сапарлар ұйымдастырылды, театр құрамында қуыршақ театры өз жұмысын бастады, театр студиясында талантты жастарға тегін сабақ берілуде. 2014 жылдың мамыр айында Әйтеке бидің 370-жылдығына орай Ташкент қаласында ұйымдастырылған “Біз бір халықпыз!” халықаралық достық фестивалінде театр ұжымы да белсене қатысып, Аброр Хидаятов атындағы Өзбек драма театрында “Қарыз” мен “Еріңді беріп тұр” қойылымдарын көрермендерге тарту етті.     Бұл қойылымдар театр сыншыларының жоғары бағасына ие болды. Бұл біз үшін мақтаныш та үлкен ілтипат. Ал 2014 жылдың 1 қыркүйек күні Алматы қаласының әкімі А.Есимовтың қолдауы,  өзбек этномәдени орталығының ұсынысымен республикада алғаш рет Алматыдағы “Достық үйінде” “Біз бір халықпыз!” тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Ұлттық мәселелер жөніндегі сарапшылар, республикалық, Алматы қалалық ұлттық мәдени орталықтарының төрағалары қатысып, өз пікірлерімен ой бөлісті. Сол күннің екінші жартысында М.Қожамьяров атындағы Республикалық Ұйғыр музыкалық-драма театрында облыстық өзбек драма театрының ұжымы алматылықтарға ғажайып қойылым мен концерттік бағдарламаны сыйға тартты. 2014 жыл театр ұжымы үшін сәтті аяқталды. Қараша айында көрші Қырғыз елінің Ош қаласы губернаторының арнайы шақыруымен театр ұжымы Ош қаласындағы Бабур атындағы өзбек академиялық музыкалық драма театрының 95 жылдық мерейтойына арналған салтанатты кеште қатысып, өзбек, қазақ пен қырғыз халықтарының арасындағы достықты нығайтуға өз үлестерін қосуда.

Халықаралық Әмір Темір қорының Шымкентте бөлімінің ашылуы әрі оның жемісті жұмысында оның бірінші төрағасы, облыстық өзбек мәдени орталығының кеңес мүшесі Махкам Ариповтың үлесі мол. Махкам ата 2013 жылы тізгінді облыстық өзбек мәдени орталығының төрағасы Икрам Хашимжановқа беріп, оған ақ батасын берді. И.Хашимжанов жаңа жігермен қордың жұмысын әрі қарай дамытуды өз алдына мақсат етіп қойған. Әмір Темірдің 677 жылдығына орай, Ташкент қаласында өткізілген салтанатты кеште  арнайы делегация қатысып, “Темурийлер тарихы” музейіне түркістандық дизайнер Насыр Хамрақуловтың 200 мың теңгелік қолөнер туындылары – “Тайқазан” макеті, А.Яссави мавзолейінің макеті мен суреті, Арыстанбап мавзолейінің суреті, ЮНЕСКО ның қолдауымен шығарылған (бір жағында А.Яссави мавзолейінің суреті, бір жағында Әмір Темірдің мөрінің суреті түсірілген) “Алтын монета” сыйға тартылды. Кеште сайрамдық сөз шебері Абубакір Ханходжаевтің Әмір Темір образында оқыған монологы Испанияның Өзбекстандағы Төтенше және Өкілетті елшісі Хосе Игнасио Карбахаль Гарате мен Өзбекстан Республикасы Мәдениет және спорт істері министрлігі өкілдерінің мақтауына ие болды. Өзбекстан халық артисті, танымал киноактер Теша Моминов А.Ханходжаевқа өзінің ақ батасын берді.

Ғайрат Қырғызбаев, Бегмат Турдиқулов,

Саид Турсунметов

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


444