Спортта да бағымыз жанып келеді
ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫНА – 25 ЖЫЛ!
Қазақстан халқы Ассамблеясының 25 жылдығы аясында Шымкент қаласындағы өзбек диаспорасының спорттағы жетістікерінде айтып өткеніміз жөн. Еліміздің спорт саласында да өзбек ұлтының өкілдері Отанымыз туының жоғары көтеріліуіне атсалысып келуде. Өзбек мәдени орталығының жанындағы спорт істері жөніндегі кеңес халықтық спортты дамыту, жас қабілетті спортшыларды қолдау мақсатында бірталай жұмыстарды атқаруда. Жастарымыз қала, облыс және республика көлеміндегі түрлі сайыстарда қатысып, жүлделі орындарды иеленіп келуде. Қаладағы ұлттық мәдени орталықтарының спартакиадасында өзбек этномәдени бірлестігінің әрқашан жүлделі орындардан көрінуін мақтанышпен айта аламыз. Танымал футболшы, Мексикада өткен жастар арасындағы Әлем чемпионатының қатысушысы Фахриддин Исламовтың Сайрам аудандық өзбек мәдени орталығына төраға етіп сайлануы әрі өзбек мәдени орталығының кеңес мүшесі қатарынан орын алуы спорт саласында да жұмыстардың жандана түсуіне септігін тигізді. Бүгінде өзбек жастары арасында спортпен айналысып отырғандар көпшілікті құрайды.
Халықаралық деңгейдегі төреші, гроссмейстер Юлдаш Ишанқуловты еске алуға арналған шахмат-шашка турнирі, танымал нейрохирург Рустам Атахановты еске алуға арналған бильярд турнирі, бүгінгі таңда халықаралық деңгейге жеткен “Достық дастарханы” палау фестивалы, “Қоғам мен әйел” өзбек әйелдері форумы сияқты бірқатар іс-шаралар өзбек мәдени орталығының жұмыс шеңберін айқындай түседі.