Қоғам жанкүйерлері
ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫНА – 25 ЖЫЛ!
Қазақстан халқы Ассамблеясының 25 жылдығы аясында жазылып отырған мақалада Шымкент қаласы өзбек диаспорасы арасында абырой биігіне көтерілген, есімін ел ардақтаған көптеген азаматтардың еңбегі мен лайықты марапаттары айтылады.
Шымкент қаласы өзбек этномәдени бірлестігінің ұсынысымен соңғы 15 жыл көлемінде 183 адам қала, облыс әкімінің, 190дан астам отандастарымыз қалалық Мәслихатының “Құрмет грамотасы” мен “Алғыс хаттарына” ие болды. Шымкент қаласы Әкімінің құрметіне ие болғандар да көпшілікті құрайды. Бірқатар азаматтар “Нұр Отан” партиясының қалалық бөлімінің, қалалық әкімшілік құрамындағы басқарма мен департаменттердің құрмет грамоталарымен марапатталған. Орталықтың ұсынысымен, танымал өнер жұлдызы әнші Толқынжан Хасанов, академик Махмуджан Ирисметов, педагог Бегмат Турдиқулов, кәсіпкер Адхамбек Турдиевтер “Ерең еңбегі үшін” медалымен, қаһарман ана Парахат қажы Хаджиметова, кәсіпкер Қаһарман Исмаиловтар “Шапағат” медалымен, сондай-ақ, ҚХАның “Бірлік” алтын медалымен Парахат қажы Хаджиметова, орталық жанындағы әйелдер кеңесінің төрайымы Гулнара Нарова, Ю.Сарями атындағы 107-мектеп-гимназиясының директоры Бахадыр Нуралиев марапатталған. ҚХАның құрмет грамоталарымен де бірталай отандастарымыз марапатталған. Солар қатарында танымал журналист Шамирза Мадалиев, балалар ақыны Эрназар Розметов, орталықтың кеңес мүшелері Бегмат Турдиқулов пен Гулнара Наровалар, “Қазақстан Республикасының мәдениет мәдениет қайраткері” Сайдикарим Махмудов, сарыағаштық кәсіпкер Боранов Улфат, “Югсантехмонтаж” АҚ президенті Шуҳриддин Нишанбаевтарды тілге тиек етуге болады. Өзбек мәдени орталығы ҚХА мен келісілген негізде 2011 жылы “Қоғам жанкүйері” медалін шығарды. Бұл медалмен әр салада табысқа қол жеткізген 500-ден артық белсенділер марапатталды.
Икрам Хашимжанов,
Ғайрат Қырғызбаев, Бегмат Турдиқулов,
Саид Турсунметов