ДӘРІГЕРЛЕР АДАЛ БОЛСА, НАУҚАСТАРДА АМАН ҚАЛМАҚ
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу мақсатында Түлкібас ауданында бірқатар мақсатты топтармен кздескен қоғам белсендісі, Заң ғылымдарының магистрі Нұржахан Абуова медицина қызметкерлерін де назардан тыс қалдырмады.
Ақ халаттылармен өткен кездесудің негізгі мақсаты — қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру және заңға енгізілген жаңа нормаларды жіті түсіндіру.
Адалдық аясында өрбіген жиынға өңірдегі бас дәрігерлер жұмыла қатысып, қоғамның түйткілді тақырыбына айналған жемқорлықтың ел әлеуетіне тигізер залалы мен зардабына құлақ түрді.
Өз кезегінде Н.Ермағамбетқызы сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамаларға енгізілген өзгерістерді, жемқорлықтың орын алу жағдайларын, оның алғышарттарын жою жөнінде жан-жақты түсіндіріп өтті.
Агенттік тарапынан жүзеге асырылып жатқан жаңа жобалар мен Департамент тарапынан жүргізіліп жатқан іс-шараларға тоқталып, әлеуметтік дертпен күрес жүргізуді әрбір қызметкер өзінен бастау керектігін атап өтті.
Шара соңында жиынға қатысушылар назарына қоғамдық індетке теріс көзқарас қалыптастыратын арнайы бейнеролик көрсетілді.