ЖЕКЕ КӘСІПТЕН АДАЛ НӘСІП КӨРГІСІ КЕЛЕТІНДЕРГЕ КЕДЕРГІ БОЛМАУЫ ТИІС

Қоғам өкілі, Заң ғылымдарының магистрі Нұржахан Абуова қоғамда жемқорлыққа қарсы мүлдем төзбеушілік мәдениетін қалыптастыру мақсатында Түлкібас аудандық кәсіпкерлермен және ауыл шаруашылық мамандарымен кездесіп, құқықтық түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Пайдакүнемдіктен алшақ болуға үндейтін басқосуда Н.Ермағамбетқызы сөз алып, жиынға қатысушыларды ел болашағы үшін қоғамдық кеселдің туындауына жол бермеуге шақырды.
Сондай-ақ, Агенттік жұмысының ашықтығы мен тиімділігін түсіндіріп, тұрмыстық жемқорлықты жоюда азаматтық белсенділік танытудың маңыздылығына айрықша тоқталып өтті.
Жиын соңында кәсіпкерлерді сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінен қорғау қарастырылғанын баса атап өтіп, пара талап еткен жағдай да Агенттіктің 1424 сенім телефонына тікелей хабарласуға шақырды.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


444