Онлайн режимінде виртуалды қабылдау жүргізді

Қазақстан халқы Ассамблеясының 25 жылдығы аясында 1 мамыр — Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесіне орай Қазақстан халқы Ассамблеясы Шымкент қаласы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ-нің ұйымдастыруымен ашық есік онлайн режимінде виртуалды қабылдау жүргізді.

Виртуалды қабылдаудың мақсаты — тұрғындарға құқықтық көмек беру. Қабылдау барысында соттар мен медиаторлар, білікті заңгерлер мен психологтар ZOOM платформасы арқылы тұрғындардың қойған сауалдарына жауап беріп, онлайн пікір алмасты. Тұрғындар көбінде отбасылық қарым-қатынастар, жол-көлік оқиғалары, әлеуметтік сала төңірегінде қойған сауалдарына кәсіби медатор Нұрбол Нұрханов, психолог Ботагөз Түлкиева, заңгер Еркебұлан Есқараев кәсіби тұрғыда бағыт-бағдар беріп, кеңесіп айтты.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


444