БАСҚАРМА БАСШЫСЫ ЖҰМЫС САПАРЫМЕН ЖАСКЕШУ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНДЕ БОЛДЫ

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша Департаментінің Превенция басқармасының басшысы Ержан Жүнісов арнайы жұмыс сапарымен Түлкібас ауданына болып, бірқатар мақсатты топтармен кездесті.
Ең алдымен, ауданға қарасты Жаскешу ауылдық округінде болып, әкімдік қызметкерлері арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы түсіндіру шараларын жүргізді.
Ержан Әлиұлы мемлекеттік қызмет атқару қоғам мен мемлекет тарапынан ерекше сенім білдіру болып табылатынын, әрбір мемлекеттік қызметшіге жауапкершілік жүгін терең сезіну қажеттігін алға тартып, халыққа адал қызмет көрсетулерін назарға алды.
Сондай-ақ, сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамаларға енгізілген өзгерістерді хабарлап, жемқорлықтың орын алу жағдайлары мен оның алғышарттарын жою жөнінде кең көлемде ақпарат берді.
Халықпен етене жұмыс жасап, ел игілігі жолында ауыл тұрғындарына адал, ашық, қолжетімді қызмет етуге шақырды.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


444