МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР БАСҚАРМАСЫНА ТҰЖЫРЫМДАМАНЫҢ БАСЫМ БАҒЫТТАРЫ ТҮСІНДІРІЛДІ

Бүгін сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында Түлкібас ауданына арнайы барған Департаменттің бас маманы Гүлмира Төлегенқызы аудандық мемлекеттік кірістер басқармасының ұжым қызметкерлерімен кездесіп, 2022-2026 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат тұжырымдамасын жүзеге асыру жөніндегі іс-қимыл жоспарымен таныстырды.
Шара барысында негізгі құжатта сыбайлас жемқорлыққа қарсы төзбеушілікті қалыптастыру, оның жою мүмкіндіктері, жауапкершіліктің бұлтартпастығын қамтамасыз ету жөніндегі шараларды жетілдіру, азаматтық қоғамның рөлін күшейту сияқты міндеттер қарастырылғаны жиынға қатысушыларға түсіндірілді.
Соның ішінде, Г.Төлегенқызы негізсіз баю мен кірістерді заңдастыру шараларына айрықша тоқталып, сыбайлас жемқорлық қылмыстары туралы хабарлаған азаматтарды көтермелеу жөнінде түсіндірді.
Жиын соңында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу бойынша қойылған сауалдарға жауап берілді.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


444