ЗАҢНАМАҒА ЕНГІЗІЛГЕН ӨЗГЕРІСТЕР ТҮСІНДІРІЛДІ

Бүгін Түлкібас аудандық Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінде Департаменттің бас маманы Гүлмира Төлегенқызының қатысуымен сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мәселелері бойынша жиын өтті.
Бармақ басты әрекеттерді болдырмауға бағытталған жиында Г.Төлегенқызы Агенттіктің бүгінгі басты миссиясы мен негізгі бағыттарына тоқталып, Заңнамаға енгізілген соңғы өзгерістер мен толықтыруларды хабарлады.
Сондай-ақ, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің құзіреттілігі кеңейгендігін мәлімдеп, сыйлық, сыйақы және пара алуға және беруге көрілетін жауапкершіліктің қатаңдатылғанын баяндады.
Кездесу соңында сыбайлас жемқорлық мәселелері бойынша түйткілді сауалдар ортаға салынып, ұсыныс-пікірлер тыңдалды.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


444