Шымкент – еліміздегі көне қалалардың бірі
Шымкент қалалық ішкі саясат және дін істері басқармасының басшысы Ж.Бектаева «Шымкент қаласының тарихы және өркениеті» атты аймақтық ғылыми-тәжірибелік конференцияның ашылуымен құттықтай отырып, Шырайлы Шымкенттің киелі топырағын басып жүрген әрбір Шымкенттік тұрғын үшін, осы қалаға жанашыр әрбір адамға бүгінгі ғылыми жиын өте маңызды екенін баяндады.
— Шымкент – еліміздегі көне қалалардың бірі. Ал оның атауының шығуы туралы ғалымдардың тұжырымдауында әлі күнге бірізділік байқала бермейді.Тарихи жазба деректер бойынша Шымкент қаласының аты алғаш рет Йазди Шараф ад-Дин Әлидің атақты қолбасы және мемлекет қайраткері Әмір Темірдің жорықтарына арнаған «Зафар-наме» яғни «Жеңістер кітабы» атты еңбегінде аталыпты,- деді