ӘЛЕУМЕТТІК НЫСАНДАРДЫҢ ЖЫЛЫТУ ЖҮЙЕСІ — МАҢЫЗДЫ
Бүгін қайырымды қала — Шымкенттің әкімі Erlan Aitakhanov “Нұрсат” мөлтекауданында орналасқан облыстық балалар ауруханасына арнайы барып, жылу жүйесін тексерді. Науқас бүлдіршіндердің ата-аналарымен сөйлесіп, пікір алмасты.
Күн райының суытуына байланысты шаһар басшысы ең алдымен әлеуметтік маңызы бар нысандарының жылу жүйесіне баса назар аударуда. Аурухана, мектеп пен балабақшалардың жылыту жүйесін бақылауда ұстап, тиісті сала жетекшілеріне нақты тапсырмалар жүктеуде.