“БАЛАЛАРДЫ САПАЛЫ БІЛІММЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ” ЖӘНЕ “ҮШ АУЫСЫМДЫ” МЕКТЕПТЕРДІҢ САНЫН АЗАЙТУ «NUR OTAN» ПАРТИЯСЫНЫҢ ЖІТІ БАҚЫЛАУЫНДА
Бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары Ерман Мұхтар, Ташқараев Ғани және Бекжанов Берік Шымкент қаласы Абай ауданындағы 500 орынға арналған мектептің құрылыс барысымен танысуы «Nur Otan» партиясының «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» атты сайлауалды бағдарламасын орындаудың Жол картасын іске асыру мониторингі шеңберінде өткізіледі. Сайлауалды бағдарламада қамтылған осы бағыттардың уақытылы орындалуы «Nur Otan» партиясының жіті бақылауында. Партияның сайлауалды бағдарламасындағы үлкен басымдыққа ие бағыттардың бірі білім саласына берілген. Осы орайда “балаларды сапалы біліммен қамтамасыз ету” және “үш ауысымды” мектептердің санын азайту мақсатында жасалынып жатқан жұмыстардың ауқымы өте кең.
Құрылыс нысаны Абай ауданындағы үш ауысымды мектептер мәселесін түпкілікті шешу мақсатында жүргізілуде. Жаңадан салынып жатқан мектеп пайдалануға берілсе «Құрсай» шағын ауданындағы көптеген оқушының көпшілігінің бір ауысымда білім алуына мүмкіндік туады. Бүгінде «Құрсай» шағын ауданындағы оқушылар саны 3112-ге жеткен.
Мердігер мекеме «Бекназ и К» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі. Нысанның құрылысы былтыр қараша айында басталған. Қазіргі таңда жаңа оқу ғимаратының құрылыс жұмыстары 60%-ға аяқталып, ішкі және сыртқы әрлеу жұмыстары жүргізілуде. Сонымен қатар оқу ғимаратының жанынан жаңа үлгідегі спорт залының құрылысы да қарқынды жүруде.Мектеп осы жылдың аяғына дейін ел игілігіне тапсырылады.
Жобаның жалпы құны 835 млн тенге.
Шымкентте демографияның өсу үдересі қарқынды. Сондықтан да әлеуметтік маңызы бар нысандарды көптеп салу қала болашағы үшін баянды жұмыс болып табылады.