ПАТРИОТ БОЛУ — ЕЛІҢЕ АДАЛ ҚЫЗМЕТ ЕТУДЕН БАСТАЛАДЫ

Мемлекеттің тұтқасын берік ұстап, болашаққа нық қадам басатын адал ұрпақ өсіру – мемлекет саясатының негізгі басым бағыттарының бірі. Ел жастарының әділдік, парасаттылық құндылықтарына қанық болып өсуі – Қазақстанды қуатты мемлекеттер қатарына қосуға және бәсекеге қабілетті елдердің көшін бастауға негіз болады.
Осыған орай, бүгін жас өскіндерді парасаттылық, әділдік, сенім құндылықтары негізінде рухани кемелдендіру және Отанға, отбасыға адал болуға үндеу мақсатында қоғам белсендісі, Заң ғылымдарының магистрі Нұржахан Абуова Түлкібас ауданында болып, аудан жастарымен жүздесті.
Ол өз кезегінде жас буын жастарға құқықтық түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, сыйлық ұсыну, пара беру сынды әлеуметтік кеселдерден алшақ болу қажеттігін баса атап өтті.
Сондай-ақ, қоғамда жемқорлық көріністеріне тап болса, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің тәулік бойы тегін қызмет көрсететін 1424 сенім телефонына қоңырау шалу қажеттігін хабардар етті.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


444