ҚҰҚЫҚТЫҚ ТӘРТІПТІ КҮЗЕТКЕН ЖАНДАРҒА СЫБАЙЛАСТЫҚТЫҢ САЛДАРЫ ТҮСІНДІРІЛДІ
Бүгін Жетісай ауданына арнайы жұмыс сапарымен барған Департамент жанынан құрылған үгіт-насихат Штабының жетекшісі Е.Тұңғышбаев полиция қызметкерлерімен кездесіп, адалдық, парасаттылық қасиетінің маңыздылығын сөз етті.
Жиынның негізгі мақсаты – құқық қорғаушылар саласында жиі ұшырасатын сыбайлас жемқорлық фактілеріне жол бермеу және оның алдын алу.
Өз кезегінде Ерұлан Тұңғышбаев тәртіп сақшыларды адалдық, парасаттылық қасиеттеріне жақын болуға үндеп, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруда бірлесе жұмыс істеуге шақырды.
Құқық қорғаушылардың оң имидж одан әрі қалыптастыру үшін тұрмыстық жемқорлыққа жол бермеу қажеттігін ескертіп, сенім атмосферасын қалыптастырудың мемлекет саясатындағы маңыздылығын тілге тиек етті.
Шара соңында дәрігерлердің көкейінде жүрген бірқатар сауалдар ортаға салынып, ол бойынша нақты жауаптар берілді.