ДЕПАРТАМЕНТ БАСШЫСЫНЫҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ ҚАЛАЛЫҚ МӘСЛИХАТ ДЕПУТАТТАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ

Бүгін Департамент басшысының бірінші орынбасары Мирас Қарғабай ҚР Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодексіне енгізілген өзгерістерді түсіндіру және хабарлау мақсатында қалалық мәслихат депутаттарымен кездесті.
Мирас Асқарбайұлының төрағалығымен өрбіген басқосуда, негізінен тұрмыстық жемқорлықтың алдын алу және оның туындауына жол бермеу тетіктері түсіндіріліп, Заңнамаға енгізілген түзетулер мен соңғы жаңашылдықтар таныстырылды.
Бұдан бөлек, пара алу, пара, сыйлық, сыйақы ұсыну, парақорлыққа делдал болу әрекеттеріне көрілетін жаза түрінің күшейтілгені мәлімделіп, ел мүддесі жолында адал қызмет етудің маңыздылығы ортаға салынды.
Жиын соңында арнайы әзірленген бейнеролик жиынға қатысушылар назарына ұсынылып, депутаттар тарапынан туындаған бірқатар сауалдарға нақты жауаптар берілді.

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


444