ОБЛЫСТЫҚ ШТАБ ТӨРАҒАСЫ ОТЫРАР АУДАНЫНДА МАҚСАТТЫ ЖИЫН ӨТКІЗДІ
ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша Департаментінің жанынан құрылған облыстық ақпараттық-ағартушылық Штабының төрағасы Ерұлан Тұңғышбаев қоғамда жемқорлыққа қарсы мүлдем төзбеушілік мәдениетін қалыптастыру мақсатында облысқа қарасты Отырар ауданына сапары барысында аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің қызметкерлеріне үгіт-насихат жұмыстарын кездесті.
Ағартушылық бағытта өрбіген келелі шараның негізгі мақсаты — парасаттылық құндылықтарын ел ішінде кең көлемде насихаттау арқылы ел азаматтарының бойына адалдық қасиеттерін дарыту және сыбайлас жемқорлық көріністерінің алдын алу.
Пайдакүнемдіктен алшақ болуға үндейтін басқосуда Штаб жетекшісі Агенттік жұмысының ашықтық және парасаттылық құндылықтарына негізделгенін түсіндіріп, тұрмыстық жемқорлықты жоюда азаматтық белсенділік таныта отырып бірлесе күресуге шақырды.