БАСТЫ НАЗАРДА БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫНДА ЖЕМҚОРЛЫҚ ДЕҢГЕЙІН ТӨМЕНДЕТУ

Үстіміздегі жылдың 19 наурызында ҚР  Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің және Ұлттық бюроның Түркістан облысы бойынша Департаменттерінің бірлесіп ұйымдастыруымен білім беру саласында сыбайлас жемқорлық деңгейін төмендету мәселелері талқыланған мақсатты жиын өтті.

Іс-шараға аталған департаменттер мен облыстық білім басқармасының басшылығы, өңірдегі  барлық техникалық-кәсіптік білім беру ұйымдарының басшылары мен арнайы мониторингтік топ мүшелері қатысты.

Мақсатты жиын модетарторы Ғ.Асанұлы мемлекет тарапынан жемқорлықтың алдын алу бағытында жүйелі жұмыстар жүргізіліп жатқанына қарамастан білім саласы әлі де болса жемқорлық деңгейі жоғары екенін айтты.

Сондай-ақ, өңіріміздегі білім беру саласы сыбайлас жемқорлық  тәуекелдері жоғары сала екені Елбасы тарапынан сынға ілінгенін, білім беру саласы жемқорлық көріністері жоғары деңгейге жетіп отырғанын айтып, білім беру ұйымдарының басшыларына жемқорлық тәуекелдерін төмендету бағытында нақты шаралар қабылдауды ұсынды.

Ал, жиында алғыс сөзбен шыққан Н.Қамбатыров білім беру жүйесінің дамуы маңызды рөлге ие екенін осы салада жемқорлық деңгейін төмендету басты назарда екенін, яғни ерекше назар бөлудің бірден бір себебі, соңғы жылдары білім саласы сыбайлас жемқорлық көріністері ең көп орын алып жатқан салалардың бірі болып отыр. Сондықтан қатысушыларды осы әлеуметтік дертпен бірлесіп күресуге шақырды.

Жиында әрі қарай білім саласында орын алған сыбайлас жемқорлық қылмыстары туралы Ұлттық бюро Департаментінің штаб басқармасының басшысы Ж.Аитов, тұрмыстық сыбайлас жемқорлықты жою мақсатында атқарылып отырған жұмыстар туралы «Түркістан — Адалдық алаңы» Жобалық кеңсе басшысының орынбасары А.Талғатұлы, ал білім беру саласындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы қабылдаған шаралар туралы облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары А.Садықова тақырыптық бағытта баяндама жасады.

Мақсатты шара соңында білім беру қызметтік міндеттерін орындау кезінде өз қызметін жеке бас пайдасына қолданып пара алып ұсталған шенеуніктермен, мектептерге жұмысқа орналасу үшін пара алып ұсталған мектеп директорларына қатысты деректер көрсетілді.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


444