ТҮРКІСТАН: СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ФАКТІЛЕРІ ТУРАЛЫ СЕНІМДІ АҚПАРАТ ҮШІН СЫЙАҚЫ БЕРІЛЕДІ

 Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша Департаменті басшысының орынбасары Ұзынжас Бауыржан Дәулетиярұлының қатысуымен облыс әкімдігінде мақсатты жиын өтті.
Қылмыстық құқық бұзушылықтар аясында өрбіген кездесудің негізгі мақсаты — әкімшілік қызметкерлер арасында сыбайлас жемқорлық деректерінің орын алуына жол бермеу және қоғам дертінің туындауына жол берген бірқатар азаматтарға тиісті шара қолдану.
Жиында сөз алған Бауыржан Дәулетиярұлы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің туындауына негіз болатын себептер мен жағдайларды атап көрсетіп, биылғы жылдың 11 айында облыстағы әкімшілік мемлекеттік қызметкерлерге қатысты 63 қылмыстық іс сотқа дейінгі тергеп тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелген, 27 қылмыстық ісі өндірістен аяқталған, 8 іс сотқа жолданғанын, қандай да бір жемқорлық құқықбұзушылық фактісі туралы ақпарат білген тұрғын Агенттіктің тәулік бойы тегін қызмет көрсететін «1424» Саll-орталығына қоңырау шалуы қажет екенін жеткізді.
Бүгінде бұл аталған сенім телефоны арқылы 94 арыз-шағымдар келіп түскенін, хабарламалар арқылы қылмыстық істер тіркелген, мысалы орталыққа келіп түскен шағымда Қазығұрт ауданы, Шарбұлақ ауыл округі әкімшілігінің бас маманы мемлекеттік атаулы көмек алуына көмектесу үшін 7000 теңге пара алу барысында ұсталған. Бүгінгі таңда қылмыстық іс сотқа жолданып, сот қарауында екенін айтып өтті.
Жиын соңында Бауыржан Дәулетиярұлы ұсынымдарда көретілген тұлғаларға қатысты тиісті тәртіптік шаралар қолдану ұсынылып, облысымызда қызмет етіп жатқан мемлекеттік қызметшілерді ар тазалығын биік ұстауға, әрі ел игілігі жолында халыққа қалтқысыз қызмет етуге шақырды.

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


444