СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ҚҰҚЫҚБҰЗУШЫЛЫҚТАРЫНА ЖОЛ БЕРГЕНДЕРГЕ ТИІСТІ ШАРА ҚОЛДАНУ ҰСЫНЫЛДЫ

Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша Департаменті басшысының орынбасары Ұзынжас Бауыржан Дәулетиярұлының қатысуымен облыс әкімдігінде ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 200-бабы бойынша сыбайлас жемқорлық қылмыстық құқық бұзушылықтарды жасауға ықпал еткен мән-жайларды жою жөнінде жиын өтті.
Қылмыстық құқық бұзушылықтар аясында өрбіген кездесудің негізгі мақсаты — әкімшілік қызметкерлер арасында сыбайлас жемқорлық деректерінің орын алуына жол бермеу және қоғам дертінің туындауына жол берген бірқатар азаматтарға тиісті шара қолдану.
Сыбайлас жемқорлықтың салдары мен себебі терең талқыланған жиынға Түркістан облысы әкімінің орынбасары С.Қалқаманов пен ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша Департаментінің қызметкерлері мен облыстық басқарма басшылары және бейне байланыс арқылы аудан/қала әкімдері мен әкімдік қызметкерлері қатысты.
Жиында сөз алған Бауыржан Дәулетиярұлы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің туындауына негіз болатын себептер мен жағдайларды атап көрсетіп, Департаментпен жолданған 2 ұсынымның біреуі лауазымдық өкiлеттiктерді теріс пайдалану болса, ал екіншісі пара алу деректері бойынша тіркелген істер екенін жеткізді.
Өз сөзінде биылғы жылдың 11 айында облыстағы әкімшілік бмемлекеттік қызметкерлерге қатысты 63 қылмыстық іс сотқа дейінгі тергеп тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелген, 27 қылмыстық ісі өндірістен аяқталған, 8 іс сотқа жолданғанын, қандай да бір жемқорлық құқықбұзушылық фактісі туралы ақпарат білген тұрғын Агенттіктің тәулік бойы тегін қызмет көрсететін «1424» Саll-орталығына қоңырау шалуы қажет екенін жеткізді.
Бүгінде бұл аталған сенім телефоны арқылы 94 арыз-шағымдар келіп түскенін, хабарламалар арқылы қылмыстық істер тіркелген, мысалы орталыққа келіп түскен шағымда Қазығұрт ауданы, Шарбұлақ ауыл округі әкімшілігінің бас маманы мемлекеттік атаулы көмек алуына көмектесу үшін 7000 теңге пара алу барысында ұсталған. Бүгінгі таңда қылмыстық іс сотқа жолданып, сот қарауында екенін айтып өтті.
Қоғам дертін болдырмауға бағытталған жиында тергеу басқармасының аса маңызды істер жөніндегі тергеушісі Дархан Аманбай сөз алып, ҚР Қылмыстық процестік Кодексінің 200-бабына сәйкес, өндірістен аяқталған қылмыстық істер бойынша мемлекеттік органдарға жолданған қылмыстық бұзушылықтар және басқа да бұзушылықтар жасауға ықпал еткен мән-жайларды жою жөніндегі ұсыныстар туралы кеңінен баяндап өтті.
Жиын соңында Бауыржан Дәулетиярұлы ұсынымдарда көретілген тұлғаларға қатысты тиісті тәртіптік шаралар қолдану ұсынылып, облысымызда қызмет етіп жатқан мемлекеттік қызметшілерді ар тазалығын биік ұстауға, әрі ел игілігі жолында халыққа қалтқысыз қызмет етуге шақырды.

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


444