Павлодарлық музей қоры аса құнды жәдігерлермен толықты

Астана. 13 мамыр. Baq.kz — Қазақстан электролиз зауыты (Еуразиялық Топ (ERG) құрамында) негізінде жасақталған «Майдан жолы» іздестіру жасағы 1941 жылы Мәскеу түбінде болған ұрыстардың 75 жылдығына орай Мәскеу облысы, Волоколамск қаласына ұйымдастырылған екі апталық экспедициядан оралды. Арнайы баспасөз мәслихатын өткізген жасақ мүшелері ERG-дің халықаралық патриоттық «Батырлар жолымен» – «Дорогой Славы» жобасын қорытындылап, іздеу жұмыстары барысында табылған жәдігерлерді таныстырды.

Осы аралықта павлодарлық жасақ елеусіз қалған бауырластар зираттарын, санитарлық және апатты қорымдарды іздестірді. Қазба жұмыстары Мәскеуді қорғау қамындағы ең бір қиян-кескі ұрыстар өткен жерлер Волоколамск ауданындағы Жданово, Б. Никольское, Нелидово, Петелино, Матренино, Ширяево елді мекендері мен Дубосеково разъезді аумағын қамтыды. Тарихи шайқас болған жерлердегі мемориалдық орындар абаттандырылып, көнерген ескерткіштер, обелисктер мен стеллалар қайта қалпына келтірілді. Экспедиция барысында жасақ Волоколамск ауданы аумағында ерлікпен шайқасқан жауынгерлердің жеке заттарын тапты. Нәтижесінде павлодарлық үш бірдей мұражайдың жәдігерлер қоры толыға түсті. Мәселен, жаяу әскердің көне каскасы, 1896 жылы жасалған Мосин винтовкасы, гильзалар мен граната жарықшақтары Қазақстан Республикасы Ұлттық Ұланының 5512 әскери бөліміндегі мұражайы мен Инновациялық Еуразиялық колледж және №14 мектептің мұражайларына табысталды.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


444