ТҮРКІСТАН: ІСКЕР НӘЗІК ЖАНДЫЛАР – ПАРАСАТТЫ ҚОҒАМ МЕН АДАЛ ҰРПАҚТЫ ТӘРБИЕЛЕУДЕ ЖЕТЕКШІ РӨЛ АТҚАРАДЫ

Бүгін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің жанынан құрылған Республикалық ақпараттық-ағартушылық штабының жетекшісі Ырза Тұрсынзада Түркістан өңіріндегі кезекті кездесуі облыстағы іскер әйелдер қауымдастығының мүшелері арасында өткізілді.

Әділдік аясында өрбіген кездесудің негізгі мақсаты – қоғам індетінің алдын алу және билік пен бұқара арасында, кәсіпкерлік пен бизнес ортада сенім атмосферасын қалыптастыру, сондай-ақ олардың талап-тілектеріне құлақ түру.

Іскер әйелдермен кездесу барысында сөз алған Республикалық штаб жетекшісі Ырза Тұрсынзада «Отанға, отбасыға деген махаббат рухани құндылықтардан басталады. Үйдің шырағын жағып, адалдық қасиеттерін берік ұстанған парасатты отбасыны тәрбиелеу – нәзік жандылардың негізгі міндеті екендігін атай келе, олардың ұрпақты тәрбиелей отырып, бүтіндей қоғам тәрбиелейді, сол үшін де адалдық атты асыл құндылыққа айрықша басымдық беру қажет» екендігін тілге тиек етті.

Сондай-ақ, жиынға қатысушыларды Агенттіктің бүгінгі жүйелі жұмысымен таныстырып, әділдікті ту еткен әрбір ел азаматы штабқа мүшелік етуге мүмкіндігі бар екендігін жеткізді.

Кездесу барысында сөз алған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша Департаментінің басшысы Хаким Көшқалиев мемлекетіміздің бәсекелестік қабілетін бәсеңдетіп, ел экономикасын тұралататын қауіпті дертке жалпы қоғам болып қарсы күрес жүргізудің қажеттілігін атап өтті.

Жиын соңында жиынға қатысушылар өзара пікір алмасып, талап-тілектері мен жеке ұсыныстарын ортаға салды.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


444