ПАРАСАТ ЖОЛЫ: ЖАСТАРМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ

М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінде «Парасат жолы» жобасы аясында кездесу өтті. Іс-шара барысында қалалық ақпараттық-ағартушылық штаб мүшелері Г.Дулатова мен Ә.Исабек  «Sanaly urpaq» клубының мүшелерімен «Толық адам» — саналы ұрпақтың айнымас бағдары» тақырыбында сұхбат жүргізді.

Сонымен қатар, білімді, парасатты, адал ұрпақ тәрбиелеу мақсатында Шымкент қалалық жасөспірімдер кітапханасының «Парасат жолы» орталығында «Адал ұрпақ- парасатты азамат» атты Жеңіл өнеркәсіп және сервис колледжінің студенттерімен ақпараттық сағат өтті.

№8 Отбасылық кітапхананың «Парасат жолы» орталығында жас оқырмандармен «Адалдық пен әділдік» атты дөңгелек үстел ұйымдастырылды.

Шаралар барысында қатысушылар ұлы тұлғалардың өмірінен, жеткен жетістіктерімен,  ақын, жазушылардың парасаттылық, адалдық туралы өлеңдерінен хабардар болды.

Айта кетейік, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің бастамасымен қала кітапханаларында «Парасат жолы» орталықтары ашылып, қазіргі таңда мәдениет, әдебиет және руханиятты негізге ала отырып, келелі әңгімелер арқылы қоғамда парасаттылық идеологиясын қалыптастыруға ерекше көңіл бөлуде.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


444