БІЛІМ САЛАСЫ «NUR OTAN” ПАРТИЯСЫНЫҢ БАСТЫ НАЗАРЫНДА
«Nur Otan» партиясының «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» атты 2021-2025 жылдарға арналған Шымкент қаласы бойынша сайлауалды бағдарламасын іске асыру бойынша әзірленген жол картасындағы негізгі көрсеткіштердің жұмысын бақылау мақсатында әріптестеріммен бірге, қаламыздағы «Маржан» бастауыш мектебінің құрылыс сапасына бақылау жүргіздік.
Мекеме өкілдерінің айтуынша: Бозарық мөлтек ауданында орналасқан «Маржан» бастауыш мектебі 150 оқушыға арналған. Сабақ беру тәсілдері заманауи цифрландыру жүйесімен қамтылған. Спорт үйірмелері бар.
“Nur Otan” партиясының фракция мүшесі, қалалық мәслихат депутаты Байкен Аширбаев.