ТҮРКІСТАНДА КӘСІПКЕРЛЕРДІ ҚОЛДАУҒА АЙРЫҚША БАСЫМДЫҚ БЕРІЛЕДІ

Ағымдағы жылғы 5 ақпан күні Түркістан облысы әкімінің орынбасары Мейіржан Мырзалиевтің төрағалығымен  облыстық  Кәсіпкерлер палатасы  директорының бизнес өкілдері алдындағы  есептік кездесуі өтті.

Кәсіпкерлерді қолдау мен қорғауға бағытталған жиынға ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша Департаментінің қызметкері  Ғабит Жүндібаев, облыстық Кәсіпкерлер Палатасаның Өңірлік Кеңесінің төрағасы Қ.Абасов пен өңірлік кеңес мүшелері, сондай-ақ облыстағы бизнес өкілдері қатысты.

Басқосу барысында кәсіпкерлердің құқығы мен бизнес жүргізудің тиімді жолдары талқыланып, 2019 жылы аудан және облыс бойынша бизнесті дамыту бағытында атқарылған жұмыстар сараланды.

Сондай-ақ, кәсіпкерлікті қолдау бойынша күн тәртібінде тұрған өзекті мәселелер ортаға салынып, шағын және орта  кәсіпкерлікті дамыту, сондай-ақ  жергілікті атқарушы органдардың,  кәсіпкерлердің құқықтары мен мүдделерін шектейтін, келісілмеген әрекеттер қарастырылды.

Шара соңында жиынға қатысушылар  толғандырған мәселелер аясында бірқатар сауалдарын жолдап, толыққанды жауап алды.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


444