ДЕПАРТАМЕНТ БАСШЫСЫНЫҢ САЙРАМ АУДАНЫНДАҒЫ ЖЕКЕ ҚАБЫЛДАУЫ
Бүгін Сайрам ауданының орталығы Ақсукентте Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша Департаментінің басшысы Көшқалиев Хаким Дүйсешұлы тұрғындар арасында жеке қабылдау өткізді.
Жеке қабылдау «Нұр Отан» партиясының аудандық филиалында өтті.
Қабылдауға жазылған 7 азамат түрлі сұрақтармен келіп, көкейлеріндегі сұрақтарын қойды.
Сұрақтар негізінен жұмысқа орналасу, баласын мектепке орналастыру, мемлекеттік сатып алу, мал ұрлығы, көгалдандыруға бөлінетін қаражат, мектептердегі аттестациялау және жер мәселелеріне қатысты болды.
Хаким Дүйсешұлы қабылдауға келген азаматтардың сұрақтарына назар қойып, заң шеңберінде түсіндірмелер берді. Шағымдарына байланысты заңды шешімдер қабылданатынын жеткізді.
Департамент басшысы жеке қабылдауға келген әрбір азаматқа кеңес беруде үнемі ашық екенін айтып, Facebook әлеуметтік желісіндегі Департаменттің парақшасы арқылы ұсыныс, пікірлермен бөлісуге болатынын жеткізді.