ТҮРКІСТАН: КӨЛІКТІК БАҚЫЛАУ САЛАСЫНЫҢ МАМАНДАРЫ АДАЛДЫҚҚА ҮНДЕЛДІ
Бүгін Түркістан облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Департаментінің бас маманы Төлегенқызы Гүлмира Түркістан облысы бойыншы көліктік бақылау инспекцясының ұжымы арасында түсіндіру шараларын өткізді.
Кездесудің негізгі мақсаты — сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу, тұрмыстық жемқорлық деректеріне жол бермеу және заңға енгізілген жаңа нормаларды түсіндіру.
Іс шарада Г.Төлегенқызы сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамаларға енгізілген өзгерістер, жемқорлықтың орын алу жағдайлары мен оның алғышарттарын жою жөнінде және қызмет бабын пайдаланып сыйлық алып, бергендерге жаза бар екенін жан-жақты түсіндіріп өтті.
Сондай-ақ, Агенттік тарапынан жүзеге асырылып жатқан жаңа жобалар мен Департамент тарапынан жүргізіліп жатқан іс-шараларға тоқталып, әлеуметтік дертпен күрес жүргізуді әрбәр қызметкер өзінен бастау керектігін айтып, қызметшілерді адал болуға шақырды.