ШЫМКЕНТТЕ КӘСІПКЕРЛЕРДІҢ МӘСЕЛЕЛЕРІ БАСТЫ НАЗАРДА
Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің қызметкерлері «Alageum Electric» өндірістік компаниясында бизнес өкілдерімен кездесті.
Басты мақсат — қолайлы инвестициялық ақуал қалыптастырып, мемлекеттік билік институттарына бизнес пен инвесторлардың сенімін нығайту мақсатында қолға алынған «Инвесторларды сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте сүйемелдеу» жобасымен жан-жақты таныстыру.
Кездесу барысында кәсіпкерлер құқығын қорғауға бағытталған жұмыстар жөнінде айтылып, атқарылған негізгі жұмыстар қатысушыларға жеткізілді.
Сонымен қатар, Департаменттің аға офицері С.Әсілбек инвесторларды сыбайлас жемқорлыққа қарсы сүйемелдеуге алудың басты шарты мемлекетіміздің аумағында адал және парасатты бизнесті жүргізу бойынша өзіне міндеттеме алуы болып табылатындығын жеткізді.
Диалог ашық форматта өтіп, қатысушылар өздерін толғандырған мәселелерді көтеріп, тиісті жауаптарын алды.
Айта кетейік, бүгінде қалалық Департамент жалпы сомасы 55 млрд. теңгеден астам 26 жобаны сүйемелдеуді жүзеге асыруда.
Жалпы алғанда, Қазақстан бойынша 12 трлн-нан астам сомаға отандық және шетелдік инвесторлардың 412 жобасы сүйемелдеумен қамтылған.