ШЫМКЕНТТЕ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕР СПОРТ ТҮРЛЕРІНЕН ЖАРЫСУДА

Бүгін «Мемлекеттік қызметшілер күніне» орай «Қажымұқан» атындағы Орталық  стадион алаңындағы «Жоғары спорт шеберлігі» мектебі ғимаратында спартакиадалық жарыстың ашылу салтанаты өтті.

Спартакиадалық жарыс ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаменті мен Шымкент қаласы әкімдігімен  ұйымдастырылды.

Спартакиаданың ашылу салтанатында ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаменті басшысы Ә.Көмекбаев, қалалық отбасы, балалар және жастар істері жөніндегі басқармасының басшысы Ж.Қалтаев құттықтау сөздерімен жарысқа қатысушыларды құттықтап, командаларға сәттілік тіледі.

Мемлекеттік органдардағы мемлекеттік қызметшілер арасындағы  спорт ойындарының түрлеріне шағын футбол, волейбол және үстел теннисі бойынша – 20 команда қатысуда. Жарыста барлығы 300-ге жуық  мемлекеттік қызметшілер бақтарын сынауда.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


444