ҚОҒАМДЫҚ ТӘРТІПТІ КҮЗЕТУШІЛЕР АР ТАЗАЛЫҒЫН БИІК ҰСТАУЫ ТИІС
Бүгін Түлкібас ауданында болған ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша Департаментінің Превенция басқармасының басшысы Ержан Жүнісов аудандық полиция қызметкерлерімен кездесіп, тәртіп сақшыларына сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша жиын өткізді.
Қоғамдық тәртіпті сақтап, аудан тыныштығын күзеткен полицейлерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелеріндегі негізгі жаңашылдықтар түсіндіріліп, қарамағындағы қызметкердің сыбайлас жемқорлық қылмысы үшін бірінші басшылардың дербес жауапкершілігі қаралатынын жеткізді.
Басқосу барысында ел сенімін арқалаған полицейлердің парақорлықтан алшақ, парасаттылыққа бейім болу қажеттігі ортаға салынды.
Жиын соңында оңай олжаға құнығып, бармақ бастылыққа барудың салдары бойынша әзірленген бейнеролик тәртіп сақшылардың назарына ұсынылды.