ТҮРКІСТАН: СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ФАКТІЛЕРІ ТУРАЛЫ СЕНІМДІ АҚПАРАТ ҮШІН СЫЙАҚЫ БЕРІЛЕДІ

Сыбайлас жемқорлыққа «нөлдік» төзімділік және азаматтардың өздерінің белсенді қатысуы жемқорлық құқық бұзушылықтарды жоюдың маңызды құрамдас бөліктерінің бірі болып табылады.

Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Түркістан облысы бойынша Департаментінде баспасөз жиыны өтті.

Баспасөз жиынында Департаменттің Тергеу басқармасының аса маңызды істер жөніндегі офицері Лаура Аманова ағымдағы жылдың  8 айында Департамент тарапынан сыбайлас жемқорлық қылмыстарын әшкерелеуге жәрдемдескен 9 тұлғаға жалпы сомасы 1 млн. 700 мың теңге көлемінде  ақшалай сыйақы берілгенін айтты.

Лаура Төреханқызы өз сөзінде, Департамент Мемлекет басшысының «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» идеясын негізге ала отырып, әрбір тұрғын тарапынан келіп түскен ақпаратқа айрықша ден қоямыз, азаматтардың құқықбұзушылық туралы берген мәліметі расталып, сот қаулысы немесе айыптау үкімі заңды күшіне енген болса, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың жұмысына жәрдемдескені үшін аталмыш азаматтарға біржолғы ақшалай сыйақы төленеді және олардың жеке бас қауіпсіздігі мемлекет тарапынан қатаң бақылауда болады және құқықбұзушылық фактісі туралы хабарлаған азаматтарды көтермелеу, яғни біржолғы ақшалай сыйақы беру мөлшері сыбайлас жемқорлық қылмысының деңгейіне сәйкес беріледі — деп атап өтті.

Шара соңында, азаматтық белсенділіктің айрықша рөлге ие екендігін тағы да хабарлай келе, ел игілігі жолында жұдырықтай жұмылып, өңір жұртшылығын қоғамның қалыпты құбылысына айналған қауіпті кеселдің алдын алуда бірлесе жұмыс істеуге шақырамын – деп қорытындылады.

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *