ӘЛЕУМЕТТІК ДЕРТТІҢ АЛДЫН АЛУ — МЕМЛЕКЕТ САЯСАТЫНДА НЕГІЗГІ БАСЫМДЫҚҚА ИЕ

Бүгін арнайы жұмыс сапарымен Түлкібас ауданына арнайы барған ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша Департаментінің Превенция басқармасының басшысы Ержан Жүнісов сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында кездесу өткізді.
Жиынға Түлкібас ауданының әкімі Нұрлан Байғұт, аудандық әкім аппараты мен дербес бөлімдерінің және ауыл әкімі аппаратының қызметкерлері қатысты.
Ержан Әлиұлы 2022-2026 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат тұжырымдамасын және оның жүзеге асыру жөніндегі іс-қимыл жоспарымен таныстырып, бұл негізгі құжатта сыбайлас жемқорлыққа қарсы төзбеушілікті қалыптастыру, оның жою мүмкіндіктері, жауапкершіліктің бұлтартпастығын қамтамасыз ету жөніндегі шараларды жетілдіру, азаматтық қоғамның рөлін күшейту сияқты міндеттер қарастырылғанын баяндады.
Соның ішінде, негізсіз баю мен кірістерді заңдастыру шараларына және сыбайлас жемқорлық қылмыстары туралы хабарлаған азаматтарды көтермелеу бойынша ақпарат беріп, мемлекеттік қызметшілерді ел игілігі жолында адал қызмет етуге шақырды.
Шара соңында жиынға қатысушылар назарына қоғамдық індетке теріс көзқарас қалыптастыратын арнайы бейнеролик көрсетілді.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


444