ҚОРҒАНЫС ІСТЕРІ ЖӨНІНДЕГІ БАСҚАРМАНЫҢ ЖЕКЕ ҚҰРАМЫМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ

2019 жылдың 21 мамыр күні ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің өкілдері қалалық Абай және Әл-Фараби аудандарының біріктірілген басқармасының жеке құрамымен «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл – патриотизмнің жаңа түрі» тақырыбында кездесу өткізді.

Іс-шара барысында Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың мемлекеттік органдардың басшыларымен өткен кеңесте айтылған сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша берген тапсырмалары туралы хабардар етілді.

Сонымен қатар, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы мәселелер көтеріліп, кез келген әділетсіздіктің алдын алу бойынша шараларды әзірлеу және іске асыру мәселелері талқыланды.

Кездесу барысында халыққа Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс – қимыл туралы ұлттық баяндаманың негізгі ережелері мен ұсыныстары баяндалды, сондай-ақ «Шымкент-адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің жұмысы таныстырылды.

Іс-шара соңында қатысушыларға QR-коды және жобалық кеңсенің байланыс деректері бар ақпараттық брошюралар таратылды.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


444