«Үздік мемлекеттік қызметші» республикалық байқауы қатысушыларының назарына!
Құрметті «Қазақстан Республикасының үздік мемлекеттік қызметшісі» республикалық байқауының қатысушылары!
Республикалық конкурсқа қатысу үшін өтінімдерді қабылдау 2019 жылдың 5 мамырында аяқталды.
Қазіргі уақытта Қазақстанның барлық өңірлерінен 400-ден астам мемлекеттік қызметші конкурсқа қатысуға ниет білдірді.
Республикалық конкурстың бірінші кезеңін өткізу шеңберінде конкурсқа қатысушыларды бағдарламалық және стратегиялық құжаттарды білуі бойынша тестілеу қарастырылған.
5 құжат бойынша барлығы 50 тест сұрақтары ұсынылады («Қазақстан — 2050″ Стратегиясы, Қазақстан Республикасының 2025 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспары», Президенттің 2018 жылғы 5 қазандағы «қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен өмір сапасын арттыру» Жолдауы, «Рухани жаңғыру» бағдарламасы және «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласы).
Әрбір сұраққа жалғыз дұрыс жауабы бар 5 нұсқа ұсынылады. Дұрыс жауап үшін 2 баллдан қойылады, ең жоғарғы жиналатын балл саны 100-ді құрайды.
50 және одан да көп балл жинаған қатысушылар конкурстың келесі кезеңіне – өңірлік әңгімелесуге (өңірлік конкурстық комиссия мүшелерімен сұхбат) қатысуға жіберіледі.
ТЕСТІЛЕУ 2019 ЖЫЛДЫҢ 25 МАМЫРЫНДА «ПЕРСОНАЛДЫ БАСҚАРУ ЖӨНІНДЕГІ ҰЛТТЫҚ ОРТАЛЫҚ» АҚ БАЗАСЫНДАҒЫ ТЕСТІЛЕУ ЗАЛДАРЫНДА ӨТЕДІ.
ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы
іс-қимыл Агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаменті