Адал, парасатты жастарды тәрбиелеу — біздің міндетіміз
Халықаралық туризм және меймандостық университетінде «Адал ұрпақ — егемен елдің ертеңі» тақырыбында кездесу өтті.
Кездесуге ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Департаментінің басшысы Мұрат Төлеубаев, Департаменттің Превенция басқармасының басшысы Ержан Жүнісов, «Түркістан — Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің жетекшісі мен менеджерлері, Халықаралық университеттің оқытушылары мен студенттері, сондай-ақ БАҚ өкілдері қатысты.
Жастардың тәрбиесіне адалдық қасиетін насихаттауға бағытталған игі шараға Абайтанушы Омар Жәлелұлы спикерлік жасап, парасатты да адал болудың және кітап оқу арқылы рухани кемелденудің маңыздылығына тоқталып, түрлі мысалдар келтірді.
Кездесу барысында Жемқорлыққа қарсы еріктілер жастарды қоғам дертімен күресуде белсенді болуға шақырып, жемқорлыққа қарсы ақпараттық жадынамалар таратты.
Шара соңында білім алушылардың сауалдарына жауаптар беріліп, ұсыныс-пікірлері ортаға салынды.