БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫНДА ЖИІ КЕЗДЕСЕТІН БАРМАҚ БАСТЫ ӘРЕКЕТТЕРДІҢ ЖОЛЫН КЕСУ — КҮН ТӘРТІБІНДЕГІ БАСТЫ МӘСЕЛЕ

ҚР Бүгін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс — қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаментінің Превенция басқармасының басшысы Ержан Жүнісов Түлкібас ауданында болып, білім бөлімінің басшыларымен және колледж, мектеп директорларымен арнайы кездесті.
Жиынның басты мақсаты — білім беру саласындағы жемқорлықтың деңгейін төмендетуге үлес қосу, таза қоғам қалыптастыруға жұмылдыру.
Кездесуде сөз алған Ержан Әлиұлы мемлекет тарапынан сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бағытында жүйелі жұмыстар жүргізіліп жатқанына қарамастан, жемқорлық деңгейі жоғары салалардың бірі білім саласы екендігін айтып, орын алған қылмыстарға тоқталды.
Сонымен қатар, Заңнамаға енгізілген өзгерістер мен жаңашылдықтарды толығырақ атап өтіп, пара алу мен пара берудің зардабын түсіндірді.
Кездесу соңында Ержан Әлиұлы қатысушыларға өткізілген кездесуден қорытынды шығаруға және өздеріне жүктелген міндеттерін адал атқаруға шақырды.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *