ТӘУЕЛСІЗДІКТІҢ ТІРЕГІ — АТА ЗАҢ!

Биыл баянды болашағымыздың кепілі деп бағаланған Конституциямызға 25 жыл толды. Біз осы жылдары бірлесе отырып, ширек ғасырда еркіндіктің арайлы ақ таңымен тұғырлы мемлекетке айналдық, экономикамыз алға басып, халықтың жағдайы жақсарды.
Тарих қойнауына енген 25 жылда Конституциямыз елімізді бірталай белестерге жеткізді. Біз өз құқығымыз бен бостандығымыздың кепілі болып саналатын басты Заңымызды кеңінен дәріптеп, ондағы әрбір бапты құрметтеуді үйрендік.
Қазақстанның бүгінгі жеткен жетістігі – демократиялық қоғамға сай келетін Конституциямыз бен сындарлы мемлекеттік саясаттың жемісі.
Біз тәуелсіздік жылдары ауқымы жағынан орасан табыстарға қол жеткіздік.Ең бастысы халықты ортақ мақсатқа ұйыстырып, сан алуан этнос өкілдерін ортақ мүддеге жұмылдырдық. Соның арқасында баршамыз берекелі қазақ жерінде тату-тәтті ғұмыр кешудеміз.
Дамыған мемлекеттердің озық заңдары негізінде қабылданған республикамыздың басты құқықтық құжатының әрбір бөлімі мен бабы біз үшін аса құнды.
30 тамыз – Конституциясын құрметтейтін әрбір қазақстандық үшін маңызды мейрам әрі үлкен қуаныш. Осыған орай, барша ел тұрғындарын осынау мерейлі мерекемен құттықтап, отбасыларыңызға амандық тілеймін!

Икрам Хашимжанов
Қазақстан өзбектері этномәдени бірлестіктерінің
«Дўстлик» қауымдастығының төрағасы

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


444