Алтын құрсақты аналардың наградаларын табыс етті

Шымкент қалалық Әл-Фараби ауданының әкімі Мәуленқұлов Ғабит жеті бала тәрбиелеп өсірген 3 анаға «Алтын алқа» және алты бала тәрбиелеп өсірген 9 анаға «Күміс алқа» наградасын тағып, мерейге бөленген аяулы жандарға куәліктерін табыс етті.
«Еліміздің демографиялық ахуалын жақсартуға қосқан үлестеріңіз үшін алғыс білдіремін! Әр ананың арманы — баласын биіктен көру. Ұл-қыздардың тілегі — ата-ананың амандығы. Баршаңызға зор денсаулық, қажымас қайрат, ұл-қыздарыңыздын қызығын көріп, бірге қуанып жүре беруге тілектеспін! Ақ жаулықты әже болыңыздар, еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын! – деп тілектерін айтты аудан әкімі Ғабит Патшаханұлы.
Жалпы Әл-Фараби ауданы бойынша 4900 көп балалы аналар бар, олардың 351 ана «Алтын алқа» және 1300 ана «Күміс алқа» иегерлері.  Елбасының жарлығымен жыл басынан бері 22 «Алтын алқа» және 78 «Күміс алқа» төсбелгілері табысталды.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


444