АУДАН ӘКІМІНІҢ ЖАСТАРМЕН TEDX ФОРМАТТАҒЫ КЕЗДЕСУІ ӨТТІ

Кездесу сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің кешенді іс-шаралар жоспарының аясында өтті.
Басты мақсат бүгінгі жастар арасында орын алып жатқан өзекті мәселелерді талқылап, жастар бойындағы адалдықты, әділдікті, парасаттылықты арттыру және пікір алмасып, оның шешу жолдарын қарастыру.
Ауданымыздағы түрлі салада еңбек етіп жүрген жастары, еріктілер және БАҚ өкілдері қатысқан кездесуге өзім модераторлық еттім.
Жастардың бойындағы белсенділікті арттыру мақсатында түсіндіру, насихаттау және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бағытында атқарылған жұмыстар туралы Азамат Досанов баяндама жасады.
Мұнан соң жиынның қонағы, Түркістан адалдық алаңы жобалық кеңесінің жетекшісі Қарсыбай Гүлзия Нұрғалиқызы жемқорлықпен және басқада құқықбұзушылықпен түбегейлі күресудің маңыздылығы жайында атап өтіп, бұл бағытта ҚР Заңында орын алған өзгерістер мен талаптардың күшейтілгені туралы айтты.
Жиынның сұрақ-жауап бөлімінде ауданның белсенді жастары аудан басшысына өздерін толғандырған сауалдарын қойып, әкімнің балалық шағы мен еңбек жолындағы қызықты естеліктерін тыңдады.
Әсерлі әңгімелерден соң ауданның өнерлі жастары, ақын Гаухар Жүсіпәлиева және айтыс ақындары Даниял Болысбек пен Сұлтанхан Сәуірхан жырдан шашу шашып, жалынды жастарды бір қанаттандырып тастады.
Кездесуді жемқорлыққа қарсы күресті жүйелі түрде насихаттап жүрген ақын Арман Бердалиннің
Таязданып кетпесін тереңіміз,
Пайғамбарға үмбетпіз себебі біз.
Бірімізді-біріміз құрметттейік,
Досқа қарап атпайық жебені біз.
Айналаға болыңыз мейірімді,
Жоқ кезде де сезілсін керегіңіз.
Адамдарға болмасаң абыройлы,
АЛЛА алдында бола ма беделіңіз?! –деген өлең жолдарымен қорытындыладым7

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


444