КЕДЕН, САЛЫҚ САЛАСЫНДАҒЫ ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ

ҚР Бүгін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаментінің ұсынысымен Түркістан облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінде сыбайлас жемқорлық деңгейін төмендету мәселелері талқыланған жиын өтті.
Жиынға Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаменті басшысының бірінші орынбасары Н.Сәмет, Арыс көлік прокуратурасының прокуроры М.Мошқалов, Облыстық мемлекеттік кірістер департаментінің, Түркістан қалалық мемлекеттік кірістер басқармасының басшылығы мен қызметкерлері қатысты.
Кездесуде сөз алған Н.Самет мемлекет тарапынан сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бағытында жүйелі жұмыстар жүргізіліп жатқанына қарамастан, жемқорлық деңгейі жоғары салалардың бірі кеден саласы екендігін айтып, орын алған қылмыстарға тоқталды.
Өз кезегінде Нұрдәулет Ілиясұлы кеден бекеттерінде ашықтықтың болмауы, жүк көліктерін өлшейтін таразылардың біркелкі жұмыс жасамауы, оны қолдан реттеу мүмкіншіліктерінің болуы жайында айтып, оларды жою жөнінде ұсыныс енгізді.
Сонымен қатар, заңнамаға енгізілген өзгерістер, құқық бұзушылықтар үшін қарастырылған әкімшілік және қылмыстық жауапкершілік туралы және бірінші басшылардың жауапкершілігі мен пара алушылар мен пара берушілерге және делдалдарға қатысты Заң нормалары қатаңдатылғанын туралы толығрақ айтып өтті.
Жемқорлықтың алдын алуға бағытталған жиында Мемлекеттік кірістер департаментінің Адам ресурстары басқармасының қызметтік тергеу бөлімінің басшысы С.У.Беркімбаев Департамент тарапынан сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бағытында жүргізіліп жатқан жұмыстар жөнінде баяндама жасады.
Жиын барысында қызметтік міндеттерін орындау кезінде өз қызметін жеке бас пайдасына қолданып пара алып ұсталғандарға қатысты түсірілген бейнероликтер көрсетілді.
Кездесу соңында Нұрдәулет Ілиясұлы қатысушыларға өткізілген кездесуден қорытынды шығаруға және өздеріне жүктелген міндеттерін адал атқаруға шақырды.

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


444