Шымкентте БАҚ өкілдері арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыптағы үздік журналистік жұмыстарға байқау өтті

Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаменті қалалық ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасымен бірлесе сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыптағы үздік журналистік жұмыстарға байқау жариялады.

Байқау сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға, қоғамда сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілікті көрсететін құндылықтар жүйесін сақтауға және нығайтуға бағытталған.

Байқауға қатысу үшін 2021 жылғы 1 қаңтардан 5 қарашаға дейін жарияланған, эфирге шыққан материалдар, сондай-ақ жарияланымдар циклдері қабылданды.

Материалдарды жан-жақты сараптап, оның байқау шарты мен таңдаған номинацияның талабына сәйкес келетіндері іріктеліп алынып, байқау жеңімпаздары Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күніне орай ұйымдастырылатын форумда марапатталады.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


444