Шымкент қаласындағы 80 мектепке қатысты даудың нүктесі қойылды

Жаңа оқу жылы басында ата-аналар балалар Нұрсәт шағын ауданындағы бұрын монша болған ғимаратта оқып жатқанын айтып, Nur Otan партиясына шағымданған. Партия мүшелері мен ғимаратты жалға беруші және жауапты басқарма мамандары бас қосып, мән-жайды анықтаған.
Партия филиалы басшылығы тарапынан ғимарат иесі Достияр Сарбасовқа өрт қауіпсіздігі, тазалық, таза ауыз су, әжетхананы санитарлық нормаларға сай етіп, жұмыстарды толық бітіріп, құжаттарды рәсімдеуді ұсынған.
Партия филиалы тарапынан құжаттарды рәсімдеу және құқықтық көмек көрсетілді.
Достияр Мұсақанұлы аталған жұмыстардың барлығын жүргізіп, мектеп құжаттарын рәсімдеп, заңдастырып, мәселені дер кезінде шешкен «Nur Otan» партиясы Шымкент қалалық филиалына өз алғысын білдірді.

Nur Otan партиясының Шымкент қалалық филиалы

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


444